|
Рамазанда ұшқыштар мен стюардессаларға ораза ұстауға тыйым салынды
|
Пәкістанның PIA авиакомпаниясы экипаж мүшелеріне ұшу кезінде ораза ұстауға тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы The News International мезімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Пәкістанның халықаралық әуежелісі» (PIA) ұлттық әуе тасымалдау қызметінің басшылығы ұшу экипажына салынған мұндай тыйым жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты – ауыз бекітіп, ас-судан тыйылған экипаж мүшелері қырағылын жоғалтып, денсаулығы сыр бері мүмкін екенін ескеріп отыр. Яғни, жолаушылардың өміріне жауапкершілікпен қараудан осындай шешім қабылдап отыр. Ал егер мұндай тыйымға қарамастан қасиетті Рамазан айында ораза ұстағысы келетін ұшқыштар мен стюардессаларға еңбек демалысы беріледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды