Ресейде көп қабатты үйлерде құлшылық етуге тыйым салынуы мүмкін
Ресейде көп қабатты үйлерде құлшылық етуге тыйым салынуы мүмкін
13 күн бұрын 788 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думаның депутаты, «Жаңа адамдар» фракциясының мүшелері көп қабатты үйлерде құлшылық етуге тыйым салу қарастырылған заң жобасы талқылауға ұсынылады. Аталмыш заң жобасы мем.думаның деректер базасында жарияланған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне жөн сілтеген Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктер туралы» федералдық заңның 16-бабына өзгерістер енгізу туралы» федералдық заң жобасы көппәтерлі тұрғын үйлердің адам тұрмайтын үй-жайларында жаамағат болып құлшылық ету, діни жоралар мен рәсімдер өткізуді шектеуге бағытталған», - делінген заң жобасына түсіндірме жазбада. «Көп пәтерлі тұрғын үйде тұрмайтын көптеген бейтаныс адамдардың, соның ішінде заңсыз көшіп-қонушылардың жиналуы аудандағы қылмыс қаупін арттырады, ішкі қақтығыстарды туғызады, өрт және қоғамдық қауіпсіздік таоаптарын бұзады. Тұрғындарды ауладағы және әлеуметтік мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігіне қатысты жағдай ерекше алаңдатады», – деп қосты авторлар.

0 пікір
Мұрағат