|
Сәби сүтін беретін автоматтар пайда болды
|
Сәбилерді қоректендіру мәселесінің ерекше тәсілін Үндістан Медицина университеті ұсынды. Енді әр клиникада уақытынан ерте дүниеге келген сәбилерге арнайы ана сүтін беретін автоматтар орнатылады. Ал сүт донорлығына бала босанып, мөлшерден тыс сүт шығатын аналар жәрдемдеспек. Автомат сәби сүтін 30 минут аралығында тиісті 62,5°C температурада ұстап тұрады. Бұл сүт құрамындағы патологиялық микроағзалардың толығымен жойылуына ықпал етеді. Ал иммунолгиялық және биохимиялық заттар сол күйінде сақталады. Айта кету керек, ислам діні баланы табиғи жолмен қоректендіруді құптайды. Алайда, өзге ананың сүтін емген баланың сүт жағынан туыстық байланысы пайда болатындықтан, бұл мәселеде тиісті талаптарды сақтау қажет етіледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады