|
Сауд Арабиясы әлемнің қауіпсіз ел үштігіне енді
|
Сауд Арабиясы жер бетіндегі ең қауіпсіз ел рейтингінде көш бастады. Қауіпсіздік деңгейі бойынша елдер рейтингін Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қоршаған орта мен адамзат қауіпсіздігі институты жасады. Рейтингтің алғашқы орнын Мальта иеленді, екінші орын тағы бір мұсылман елі – Қатар мемлекетіне тиесілі. Ал ең қауіпті елдер қатарында Вануату, Тонга, Филиппин, Гватемала мен Бангладеш мемлекеттері бар. Айта кету керек, зерттеуші мамандар рейтингті бірнеше сипаттар, оның ішінде елде табиғи құбылыстар, елдің өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігі, т.б. мән бере отырып құрған. Талдау жұмысына 171 ел енгізілген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды