Сауд Арабиясы королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд кеше әйелдерге көлік жүргізуге құқық беретін жарлыққа қол қойды. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі Twitter-дегі ресми парақшасында мәлімдеді, деп хабарлады baq.kz порталы РИА Новости ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.
|
Сауд Арабиясында әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат берілді
|
«Королдің жарлығы: жол қозғалысы қызметі королдікте әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат етеді», - деп жазылған СІМ хабарламасында.
Король әйелдерге автокөлік жүргізуге құқық беретін шараларды пысықтау үшін ІІМ, қаржы министрлігі, еңбек және әлеуметтік даму министрлігі өкілдерінен комиссия құруға бұйрық берді.
Әлемде ең кертартпа ел саналатын Сауд Арабиясы көптеген салада әйелдердің құқығын шектейді. Дегенмен соңғы кездері әйелдерді тасымалдауға мәжбүр еркектердің уақытын үнемдеу үшін нәзік жандарға көлік жүргізу құқығын беруді жақтайтындар көбейген.
Имамдардың бірі әйелдердің «ақыл-ой қабілеті шектеулі» болғандықтан көлік жүргізуді сеніп тапсыруға болмайды деп мәлімдеген еді, алайда билік оны осы сөзінен кейін діни қызметтен біржола шеттетті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды