|
Саудия мен Иран ресми дипломатиялық қатынас орнатты
|
Саудия мен Иран дипломатиялық қатынасты қалпына келтіру туралы келісімге келді. Бұл жайында islam.kz порталы парсылардың Tasnim ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы құжатқа Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің басшысы мен оның саудиялық әріптесі Бейжіңде өткен бірнеше күндік келіссөздер нәтижесінде қол қойылған. Келісімдерге сәйкес алдағы екі ай ішінде екі елдің елшіліктері мен өкілдіктерін ашу жоспарлануда. Теһран мен Ер-Риад арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 2016 жылы Сауд Арабиясында Нимр әл-Нимр есімді белгілі дінтанушының өлім жазасына кесілуіне наразылық білдірушілердің Ирандағы Саудияның дипломатиялық өкілдіктеріне шабуыл жасағаннан кейін үзілген болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады