|
Саудия НАТО баламасын құруға ниетті
|
Пәкістанның бұқаралық ақпарат құралдарында Сауд Арабиясының мұсылман елдерінің әскери одағын құруға бел байлап отырғаны жөнінде ақпарат жарық көрді. Бұл альянс өз кезегінде НАТО секілді құзырлы әрі әлеуетті ұйым болуы мүмкін. Бір айырмашылығы: аталған ұйым құрылатын болса, оның әскері нақты бір мемлекетке бағытталмайды, тек террористік ұйымдармен күресетін болады. «ansar.ru» порталының «The Independent» ақпарат көзіне, ал аталмыш ақпарат көзі Пәкістанның «Dunya News» агенттігіне сілтеме жасай отырып таратқан хабарына қарағанда, бұл альянсты құру жобасын жасау міндеті Пәкістанға жүктелуі мүмкін. Бұл альянсқа халқының денін мұсылмандар құрайтын әлемнің 34 елі кіруі мүмкін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды