|
Саудия қажылық кезінде қанша адамның қаза тапқанын жариялады
|
Саудия билігі қажылық маусымының аяқталуына байланысты биылғы қажылықтың қорытындысын шығарды. Биыл әлемнің әр түкпірінен 2 млн-нан аса адам қажылығын өтеген. Қажылыған өтеу кезінде ұзын саны 39 адам бақилық болған. Олардың бәрі жылда қайталанатын бұрынғыдай адам көптігінен жаншылып өлген жоқ. Неше жылға созылған қажылық өтелетін қасиетті орындарға жасалған күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесінде жаншылып өлу дерегі болған жоқ. Бұған қоса, қажыларға барлық жағдай жасалуда. Яғни, жылдан жылға қажылық кезінде көз жұматындар қарасы азайып келеді. Биылғы қажылықта қаза тапқандар арасында Алжирден, Мысырдан келгендердің қарасы көп - 8 адам. Олардың бәрі қартайған адамдар және созылмалы аурудың асқынуынан мен меңдеген дерттен көз жұмған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды