|
Саудия тәліптер билікке келгелі алғаш рет елшілік қызметін қалпына келтірді
|
Сауд Арабиясы билігі тәліптер қозғалысы билік басына келгелі алғаш рет Кабул қаласындағы өз елшілігін қайта ашты. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудия монархы ауған еліне мейлінше көмек көрсетуге әзір. 2021 жылы тәліптер билік басына келгенде саудиялықтар елшілігін жауып, дипломаттарын кері шақыртқан болатын. Елшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында. Осы орайда қандай да бір елдер арасында экономикалық, саяси, мәдени, т.б. байланыс орнауы үшін ең алдымен елшілік ашылатынын айта кетпекпіз. Елшілік, бірыңғайда сол елдің саяси ұстанымын қолдайтынын білдіретін рәміз іспетті. Дипломатиялық байланыс – мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың алғашқы есігі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды