Шарж билігі бойдақтардың өмір сүру ережесін өзгертеді
Шарж билігі бойдақтардың өмір сүру ережесін өзгертеді
6 ай бұрын 587 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің атқарушы кеңесі отбасын құрмағандардың тұрғын үйлердегі тұру тәртібін өзгертеді. Бұл жайында islam.kz порталы Arabian Business ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан бөлек, олардың әлеуметтік (мәселен, отбасы институты құндылығы) және экономикалық салаларға, сондай-ақ, қаупсіздікке тигізер әсерін зерделейді. Бұған қоса, Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі түрлі тұрғын үйлердегі адамдардың өмірін реттейтін жаңа заңдар әзірлейді. Бойдақтарға қатысты ереже қатайтылатыны айтылған, алайда, бұл тарапта егжей-тегжейлі мәлімет берілмеген. 2020 жылы Шарж полициясы мен муниципалитеті бойдақтарды Qadisiya отбасылық аймағынан шығара бастады. Ең алдымен мемлекеттік инспекторлар пәтер жалдаушылары көп қоныстанған виллалардың электр қуатын өшірді. Ал бойдақтарға келетін болсақ, олар билік тарапынан өздеріне қатысты мұндай ережеге алаңдаушылық, тіпті, наразылық білдіріп отыр. Олардың айтуынша, ешкімнің мазасын алмаған.

0 пікір
Мұрағат