|
Шектен тыс қамқорлығы үшін сөзге қалды
|
Қоғамдық тамақтандыру орнында әйелін сырт көзден қорғаштап, бөлек кабинада отырғанымен қоймай, оны мойнындағы шалмасымен көлегейлеген саудиялық ер адамның бұл әрекеті ғаламторда дүмпу тудырды. Дәлірегі, мөлдір қалқаның аржағындағы ерлі-зайыптылардың бұл фото-суреті туралы пікір білдіргендер екіге жарылды: біреулер онсыз да бастан-аяқ тұмшаланып алған әйелін сырт көзден шектен тыс қорғаштағанын ер адамның бұл әрекетін сынға алса, енді біреулері оның әрекетін мақұлдаған болатын. Бұл жайында «IslamNews» порталы «The Daily Mail» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Осы фото-суретке қатысты санаулы күндердің ішінде 100 мыңнан астам адам өз пікірін білдіріп үлгерген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады