|
Шетелдік инвесторлар Қытайдан кетіп жатыр
|
Шетелдік инвесторлар Қытай нарығын тастап кетіп жатыр. Бұған салықтық жеңілдіктердің төмендеп кетуі мен жұмыс күшінің қымбаттауы себеп болған. Нәтижесінде көптеген кәсіпорын бизнесін Азияның өзге де дамушы елдеріне ауыстырып жатыр.
Америка-Қытай сауда палатасының 500-ге жуық мүшесінің 4-тен бір бөлігі Қытай еліндегі бизнесін тоқтатқан және жақын уақытта тоқтатуға дайын отыр. Мәселен, қаңтарда әлем бойынша компьютерге арналған қатты диск шығаратын Seagate компаниясы Сучжоу қаласындағы өндіріс орнын жапты. Онда 2 мыңға жуық қытайлық жұмыс істейтін еді.
Кейін белгілі болғандай, Sony, Panasonic, L’Oreal мен Microsoft компаниясы да Қытай елінен кеткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандағы жасанды жаңбыр ойлағандай болмай шықты
■
Саудияда «Жаңа мұсылман» деп аталатын жаңа цифрлы карта іске қосылды
■
Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
■
Ғалымдар сілекей арқылы тісті қалпына келтіру жолын тапты
■
Биыл екі мұсылман елі арасындағы халал сауда деңгейі 29 млрд доллардан асады