Спутниктерге қарсы қару жасалуда
Спутниктерге қарсы қару жасалуда
6 жыл бұрын 2833 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей мен Қытай спутниктерге қарсы қолданатын қару жасап жатыр. Бұл жайында АҚШ-тың Қарулы күштері стратегиялық қолбасшылығының жетекшісі генерал Джон Хайтен (John Hyten) мәлім етті. Генералдың сөзіне қарағанда, Ресей мен Қытай жерден басқарылатын, ғарышта қолдануға болатын лазерлік қаруды жасап, сынақтан өткізіп жатыр. Сондай-ақ, Ресей мен қытайдың мұндай қару түрін жасап жатқанын құпия ұстамағанын да жеткізді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, кезінде, дәлірегі, АҚШ жасанды жер серіктерін әскери операцияларда сәтті пайдаланған болатын. Мәселен, 1991 жылы Парсы шығанағында орын алған әскери жанжал кезінде. Генерал осылай дей келе Ресей мен қытайдың мұндай қару жасауына және оны сынақтан өткізуіне жол бермеу керектігін мәлімдеді. Бірақ, қалай жол бермеуге болатынын айтпады. Тағы бір айта кететіні, мұндай қарудың қауіптілігі сонда – орбитада бұлттардың шектен тыс шоғырлануына әсер етеді. Ал бұл өз кезегінде ғарыш аппаратына барар жолды қиындатады. 

0 пікір
Мұрағат