|
ТАРИХТА БОЛМАҒАН РЕКОРД ОРНАТТЫ
|
Саудялық мұсылман қыз бірегей рекорд орнатты. Ол Ұлыбританияның Темза өзенінде 101 миль, яғни, 163 шақырым ұзақтыққа жүзе алған тұңғыш әйел адам.
Араб елінің тіс дәрігері Мәриям Салех Бинладин өзінің ешкім жасай алмаған ерлігі арқылы әлем назарын сириялық жетімдердің мүшкіл халіне аударғысы келген.
Мәриям Темза өзенін 101 миль қашықтықта жүзіп өткен үшінші адам, ал әйелдер арасында алғашқылардан. Мұсылман қыз жүзуін маусымның 3-і күні Оксфорд аймағынан бастап, 12 - маусымда Лондонда аяқтады.
Оны мәре сызығынан отбасы мен бір топ жанкүйерлері күтіп алды. Айта кету керек, Темза жоғары деңгейде ластанған өзендердің бірі, сондықтанда мұнда жүзу қиынның қиыны әрі қауіпті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды