|
Ташкентте консервіленген палау сатыла бастады
|
Өзбекстан астанасының супермаркеттерінде консервіленген палау - "Тәшкент палауын" сата бастады. Бұл жайында nur.kz сайты ҚазТАГ ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Осы өнімді шығарушылар онда консерванттар жоқтығын және оның ұзақ сақталатынын, дәмі осы тағамға қойылатын талаптарға сай келетінін айтып отыр.
"Тәшкен палауы" металл банкілерде, салмағы 670 гр. және 335 гр., бағасы сәйкесінше 22 770 сум (Өзбекстан орталық банк тағайындаған доллар бағамымен шамамен $9) және 11 700 сум (шамамен $5).
Бұл ретте қоғамдық тамақ ішетін орындарда палаудың кәдімгі 300 граммдық бір порциясы Тәшкентте шамамен 7 мың сум (шамамен $3).
"Консервіленген палаудың сатуға шығуы тұтынушыларда қызығушылық тудырып, біреулер оның дәмін көргісі келсе, екіншілері оларды шетелдердегі достарына, туыстарына жібермекші", - деп жазады жергілікті БАҚ-тар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды