Таяу Шығыста 40 млрд ағаш, Саудияда 1 млрд сексеуіл отырғызылады
Таяу Шығыста 40 млрд ағаш, Саудияда 1 млрд сексеуіл отырғызылады
2 жыл бұрын 2215 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі жаһандық жылыну қарқыны мен табиғи апаттардан қорғану үшін сексеуіл көмегіне жүгінуді жөн көріп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Эколог белсенділер құмды дауылдан қорғану үшін әрі экологияны қалпына келтіру үшін ел аумағында шөлейт және шөл далада өсетін сексеуіл отырғызбақ. Дәлірегі, Al-Ghadha экология қауымдастығы биыл (2022 ж.) Унайза қаласында 250 мың ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Сексеуіл отырғызу – Саудия билігінің климат дағдарысына ұрындырған, атмосфераны көміртекпен ластану деңгейін төмендетуге әрі дегредацияға ұшыраған жердің құнарын қалпына келтіруге бағытталған «жасыл» бастамасының бір бөлігі. Осылайша аталған араб елі он шақты жыл ішінде ел аумағында бір млрд-ққа тарта ағаш отырғызуды көздеп отыр. Мұнымен ғана шектеліп қалмай, көршілес араб елдерімен бұл салада ынтымақтастық орнатып, Таяу Шығыс аймағында 40 млрд ағаш отырғызуды бастама етіп көтермек. Осылайша жаһандық жылынуға қарсы аталған аймақтағы ең ірі экологиялық жоба жүзеге асырылады. Жаһандық жылыну қатері мен қарқынынан жердің өзге аймақтарына қарағанда көбірек зардап шеккен Таяу шығыс климат өзгерісінен су тапшылын тартып, құрғақшылықтан көз ашпай келеді. Сексеуіл Цельсия бойынша 58 градус аптап ыстыққа дейін төзімді өсімдік, оның үстіне, жергілікті өсімдік.

Ұқсас материал: 

"Араб шөліне 50 млн ағаш отырғызылады" (https://islam.kz/kk/news/alem/arab-sholine-50-mln-agash-otyrgyzylady-16327/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат