|
Таяу Шығыстағы соғыс жаһандық нарықты тығырыққа тіремейді
|
Америка құрама штаттары мен Израилдің Иранға қарсы әскери операциясынан мұнай бағасы ауытқығанымен қор нарықтары мен энергия бағасына ұзақ уақыт бойы әсер ете алмайды. Бұл жайында islam.kz порталы The Chosunilbo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Капитал нарығы үш кезеңді қоспағанда мұнаймен байланысты соғысқа белін бере қоймайды. Ол қандай үш кезең: біріншіден, қарулы қақтығысқа дейінгі белгісіздік пен шиеленістен мұнай бағасы күрт өседі; екіншіден, әскери қақтығыс басталған бетте нарықтағы ахуал одан ары нашарлайды; үшіншіден, қор нарықтағы соғыстың экономикалық ықпалының шектеулі екеніне көз жеткізіп, бейбітшілік орнағанша қалпына келе бастайды. Бұған қоса, Парсы шығанағы аймағындағы елдердің жалпы ішкі өнімінің үлесі жаһандық ЖІӨ мөлшеріне шаққанда бар-жоғы 3,5%-дан аспайды. Ал Иранның әлемді мұнаймен қамтамасыз етудегі үлесі 3% ғана. Бұдан бөлек, Иран мұнайының көп бөлігі ішкі қажеттілікті қанағаттандыруға жұмсалады. Иран мұнайының ең ірі тұтынушысы – Қытай ғана. Ал соғыс жүріп жатқан Иранның көлік дәлізіндегі әлеуетіне келсек, Үрміз бұғазынан мұнай шикізатының жылдық мөлшерінің тек шамамен 20%-ы ғана өтеді. Бұған қоса, осы жиырма пайыздың үштен бірі экспортқа арналмаған, өңдеуге кетеді. “Қорқыныштың көзі ала”. Оңтүстік-шығыс Азия елдеріндегі мұнай экспорты мен импортына келсек, мәселен, Оңтүстік Кореяның Таяу Шығыстан сұйытылған газдың тек 20%-н ғана тасымалдайды. 48%-н көрші Малайзия мен Австралиядан алады. Мұнай бағасы соғысқа дейінгі деңгейге дейін құлдырауы мүмкін - барреліне 55-65 доллар. 1980 жылдан бері мұнай өндіретін ірі өңірлердегі болып өткен тоғыз соғыстың салдары көрсеткендей, бағалар (доллармен көрсетілген) ұрыс қимылдары басталғаннан кейін бір айдан соң көтерілгенімен, олар соғыс басталғаннан кейін алты және он екі айдан кейін 4-5% -ға төмендеген. Мұнай бағасының шарықтауы уақытша ауыртпалық түсіргенімен инфляцияға себеп бола алмайды.