Иранның аса ірі, жаңа кіріс көзі пайда болды
Иранның аса ірі, жаңа кіріс көзі пайда болды
2 сағат бұрын 49 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Globallookpress.com

Иранның мемлекеттік қазынасы алғаш рет жаңа табыспен толыға бастады – Үрміз бұғазын пайдаланудан түскен алым есебінен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде парсылардың  Mehr агенттігіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Иранның орталық банкіне алғашқы түсімнің түскені туралы Иран парламенті төрағасының орынбасары Хамитреза Қажы Бабай хабарлады. «Үрміз бұғазындағы кеден салығынан түскен алғашқы кіріс Иранның орталық банкіндегі шотқа аударылды», - деп мәлімдеді Иранның лауазымды тұлғасы. Ал Иран билігі Үрміздің мәртебесіне қатысты заң жобасын бекітіп, ратификациялауға (мақұлдауға) дайындалып жатыр -  транзит үшін, яғни, жүк тиелген кемелердан кеден салығы алынады, сондай-ақ, Америка құрама штаттары, Израил және Иранға қарсы санкцияларға қосылған елдер бұғаздан өтуге өтуге тыйым салынады. Иран қоржынына ай сайын Үрміз бұғазынан 10-15 миллиард доллар кіріс кіреді. Бұғаздағы транзиттік төлем Иранның қауіпсіздікті қамтамасыз ету шығындарымен байланысты алынады. Ислам республикасы Оманмен бірлесіп кеме қатынасының жаңа режимін әзірлеуді жоспарлауда.

Ұқсас материалдар:

Иран стратегиялық бұғазды экономикалық кіріс көзіне айналдыруды заңдастырады

Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті

0 пікір
Мұрағат