|
Терактіден 30 адам қаза тауып, 100-ден аса адам жарақат алды
|
Бүгін, яғни, мамыр айының 22-і күні Сауд Арабиясының шығысындағы имам Әлі атындағы шииттер мешітінде қуатты жарылыс болып, нәтижесінде 30 адам қаза тауып, 119 адам жарақат алды. Бұл жайында «әл-Арабия» ақпарат көзі хабар таратты. Терактіден опат болғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені, жұма намазына шамамен 150-ге жуық адам қатысқан. Аталмыш ақпарат агенттігінің дерегіне қарағанда, терактіні жанкешті жасаған. Айта кетейік, Сауд Арабиясының шығысындағы әш-Шәркия провинциясында негізінен шиит мүсылмандар шоғырланған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды