Токио мәжбүрлеп зарарсыздандыру шарасының құрбандарынан кешірім сұрады
Токио мәжбүрлеп зарарсыздандыру шарасының құрбандарынан кешірім сұрады
5 ай бұрын 868 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапония премьер-министрі Фумио Кишида билік тарапынан мәжбүрлеп зарарсыздандыруға ұшыраған «Әтектерді қорғау» заңының құрбандарынан ресми түрде кешірім сұрады. Бұл жайында islam.kz порталы интернет дерек көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол бұл мәлімдемесін солақай саясат үшін өтемақысын елдің жоғарғы соты арқылы талап еткен талапкерлермен кездесуде жасады. «Әтектерді қорғау туралы заң күншығыс елінде 1948 жылы қабылданып, жарты ғасырға жуық, яғни, 1996 жылға дейін қолданыста болды. Бұл заң бойынша психикалық және генетикалық аурулары немесе ауытқуы бар науқастарды зарарсыздандыруға рұқсат етілді. Жапон премьерінің айтуынша, осы жылдар ішінде бұл саясаттан 25 мың адам зардап шеккен. Шілде айының басында бұл заңнан зардап шеккен адамдар жоғарғы сотқа шағымданған болатын. Сот өз кезегінде үкіметке оларға өтемақы төлеуді міндеттейтін үкім шығарды. Адамдарды мәжбүрлеп зарарсыздандыру науқаны 1930 жылдан 1970 жылға дейін Пуэрто-Рикода да жүргізілді. Аталған елді-мекен 1898 жылы Америка құрама штаттарының отарына айналды және қазіргі уақытта АҚШ-тың ұйымдастырылмаған аумағы мәртебесіне ие. Америка билігі тағайындалған Пуэрто-Рико үкіметімен бірге көпшілігі кедейшілікте өмір сүрген «артық халықпен» күресу тұжырымдамасын әзірледі. Елде зарарсыздандыру науқаны 1937 жылы заңдастырылған. 1982 жылы жүргізілген сауалнама нәтижесі Пуэрто-Рикодағы тұрмысқа шыққан әйелдердің 42%-ның зарарсыздандырылғанын көрсетті.

0 пікір
Мұрағат