«Түбі шикі» еврейлердің елге қоныс аударуына қарсы
«Түбі шикі» еврейлердің елге қоныс аударуына қарсы
2 жыл бұрын 2140 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилдегі ортодоксалдар биліктен елге «түбі шикі» еврейлердің қоныс аударуына басы бүтін тыйым салуды талап етіп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews ақпарат көзі мәлім етеді. Израил аумағы шағын, осы заманғы тарихы келте қайырылатын мемлекет болғандықтан әлемде өзін еврей санайтындардың отаны. Дегенмен елдегі демографиялық ахуал күшейіп келеді: бүгінде 6 жарым млн-дай еврей Израил аумағында өмір сүріп жатыр. Жалпы халық саны 9 млн-нан асады. Таяу болашақта, дәлірегі, 2030 жылы Израил халқының саны 11 млн-нан асады. Бұл жайт өз кезегінде Израил экономикасына, денсаулық сақтау, білім беру, қысқасы әлеуметтік саласына салмақ түсіреді. Осыған байланысты шартараптан жиналған еврейлер арасында нәсілдік сипаттағы бөлінушіліктер терең сипат алып келеді. Мәселен, африкалық елдерден шыққан еврейлерге Израил билігі мен халқының көзқарасын алуға болады: оларға репартиант мәртебесі (келімсек, қандас мағынасында қолданылады) таңылған. Бұл болашақта дағдарысқа ұрындыратын тенденцияға айналмақ. Бұдан бөлек, ортодоксалдар «түбі шикі» еврейлерді елге келтірмеу туралы жиі мәлімдейтін болып жүр - бұл арада әкесі жағынан еврей саналатындардың немересі туралы сөз болып отыр. Өздеріңіз білесіздер, еврейлер тегін немесе шежіресін анасынан тарататын жалғыз ұлт.  Ортодоксалдардың осы мәлімдемесі Израил билігінің қолайына майдай жаққан секілді, олай дейтініміз, аталған елдің дін істері жөніндегі министрі Матан Каана бұл бастамаға қолдау білдіріп отыр. Десе де Израилде түбі еврейден таратайтыны маңызды емес, оның еврей салты мен мәдениетін ұстайтыны маңызды рөл ойнайды. Дегенмен, бұл тарапта әзірленіп жатқан жаңа заң жобасы бойынша атасы жағынан еврейлерге репартиант мәртебесі берілмеуі мүмкін.

Ұқсас материал:

«Әлемде қанша еврей бар?» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-qansha-evrei-bar-15706/#gsc.tab=0);

«2000 еврей өз байлығының 50%-ын Израилдің өркендеуіне жұмсауға келісімін берді» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/2000-evrei-oz-bailygynyn-50-yn-izraildin-orkendeuine-jumsauga-kelisimin-berdi-15887/#gsc.tab=0);

«Еврейлер әрбір тау мен тасының қанша пайда әкелетінін шотқа салып, есептеп қойған...» (https://islam.kz/kk/news/alem/evreiler-arbir-tau-men-tasynyn-qansha-paida-akeletinin-shotqa-salyp-eseptep-qoigan-15938/#gsc.tab=0);

«Ортодоксалдардың артықшылығы жойылады» (https://islam.kz/kk/news/alem/ortodoksaldardyn-artyqshylygy-joiylady-foto-11056/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат