Түріктердің алғашқы электрмен жүретін пойызы (видео)
Түріктердің алғашқы электрмен жүретін пойызы (видео)
1 жыл бұрын 606 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түріктердің TÜRASAŞ (Türkiye Raylı Sistem Araçları Sanayii A.Ş.) компаниясы құрастырған алғашқы түрік электр пойызы Ыстамбұлдағы «Бақыркей» (Мәрмәра желісінде) стансасында жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Ajansı ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің көлік және инфрақұрылым министрлігі хабарлағандай, отандық электр пойызы «Түркияның мемлекеттік теміржол» операторына табыс етіледі. Электр пойызы сағатына 160 шақырым қашықтықта қозғалады. Қажеттілігіне қарай 3,4,5 және 6 вагонға дейін тіркей алады, 324 орынға шақталған. Электр пойызы Түркияда және Еуропалық Одақ елдерінде жұмыс істеу үшін қажет TSI сертификатына ие. Басқарма басшысының айтуынша, Түркияда шығарылған электр пойыздары Wi-Fi, асхана, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған екі вагон, ана мен бала бөлмесімен жабдықталған.

0 пікір
Мұрағат