|
Түркия ғарыш стансасын салады
|
Түркия билігі ғарыш стансасын салуды жоспарлап отыр. Осылайша әлемде тағы бір ғарыш державасы пайда болады. Ғарыш нысанының құрылысы туралы заң жобасы парламенттің қарауына жөнелтілді. Бұл жайында аталған ел премьер-министрі Бинали Йылдырым мәлім етті. Anadolu ақпарат агенттігінің таратқан хабарына қарағанда, түріктердің ғарыш стансасын салудағы мақсат елдің дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге саяды. Сондай-ақ, авиациялық технологияның көмегімен табиғи ресурстарды халық иглігіне жаратуды көздеп отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады