Түркия жасырын, ұшқышсыз ұшағын көрсетті (видео)
Түркия жасырын, ұшқышсыз ұшағын көрсетті (видео)
1 жыл бұрын 934 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Defence Turk

Turkish Aircraft Industries (TAI) компаниясы ұшатын қанаттың аэродинамикалық дизайны бойынша құрастырылған ANKA-3 жасырын ұшқышсыз ұшағын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы The Drive ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көлемі жағынан жеңіл жойғышпен салыстыруға болатын бұл ұшақ барлау және бақылау миссияларында, сондай-ақ, электронды соғыста қолдануға арналған. Ұшқышсыз ұшақтың басқа міндеттеріне әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жою жатады. Бір қозғалтқышты АНКА-3-ті түрік қарулы күштерінің алдыңғы қатарлы TF-X жасырын жойғышымен (қараңыз: «Түркияның жетілдірілген жасырын жойғыш ұшағы TF-X кезекті сынақтардың бірінен сәтті өтті» (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiyanyn-jetildirilgen-jasyryn-joigysh-ushagy-tf-x-kezekti-synaqtardyn-birinen-satti-otti-video-18311/#gsc.tab=0)  бірге пайдалану жоспарлануда. Жабдықтар мен оқ-дәрілерді дронның ішкі бөлігінде де, сыртқы ілгіштерде де орналастыруға болады.

 

0 пікір
Мұрағат