Түркияда отбасы құндылықтарына айрықша басымдық берілетін болды
Түркияда отбасы құндылықтарына айрықша басымдық берілетін болды
9 жыл бұрын 4192

Түркияда отбасы құндылықтары мен демографиялық ахуалға айрықша мән беріліп отыр. Hürriyet басылымының хабарына қарағанда, бала санын көбейту үшін түрік ағайындар аналарды ерекше қамқорлығына алып, босанған әйелдерге әр түрлі бір жолғы жәрдемақы төлейтін болады. Ал Түркияның премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлының айтуынша, жас босанған, яғни, тұңғыш перзент сүйген аналарға төленетін жәрдемақының мөлшері 150 долларды құрайды, ал екінші баланы өмірге әкелгендерге 200 доллар, ал үшіншісіне 300 доллар төленеді. Бұған қоса, осы бағытта қолға алынған реформалардың жаңа пакетінде аяғы ауыр әйелдердің жұмыс күні қысқартылып, есесіне декреттік демалысы ұзартылады. Әке атанатын ерлерге де жеңілдік қарастырылған болатын. Әйелі босанған ерлерге бір аптаға демалыс беріледі. Сондай-ақ, неке қидырғысы келетіндерге де жеңілдіктер қарастырылған. 

0 пікір
Мұрағат