|
Түркияда С-400 ЗЗК F-16 және F-4E жойғыш ұшақтарына сынақтан өткізіп жатыр (видео)
|
Түркияда С-400 ресейлік зенитті зымыран кешенін локаторын пайдалана отырып, сынақтан өткізіп жатыр. Аталмыш сынаққа қатысты видео материал әлеуметтік желіде кеше, яғни, қараша айының 25-і күні жарияланды. Аумағында Анкара қаласы орналасқан провинция губернаторы бұрын ресейлік аталмыш қарудың түріктердің әскери әуе күштерінің жойғыш ұшақтарымен сынақтан өткізілетіні турасында хабарлаған болатын. Сынақ кезінде америкалықтардың жойғыш ұшақтары қарқынды ұшуды жүзеге асырады – соның ішінде төмен биіктікте ұшады. С-400 радары ел астанасы мен стратегиялық маңызы зор әуежайды қорғайтын зымыранға қарсы кешен базасында орналастырылған болатын. Аталмыш сынақ бүгін, яғни, қараша айының 26-ы күні аяқталуы тиіс.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды