|
Түркияда шетелдік мамандарды тартудың бағдарламасы іске қосылды
|
Түркия билігі елге біліктілігі жоғары мамандар мен кәсіпкерлерді тартуға арналған жаңа TechVisa Program визалық бағғдарламасын іске қосты. Бұл жайында islam.kz порталы Sabah мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің технология министрлігі мен еңбек және әлеуметтік даму министрлігі екі жыл ішінде әзірлеген бағдарлама аясында табысы жоғары салаларда жұмыс істейтін шетелдік кәсіпкерлер мен білікті мамандар Түркияда үш жыл тұруға рұқсат ала алады. Оларға салықтық жеңілдіктер де қарастырылған. Сонымен қатар, бағдарлама бизнесті Түркияға көшірудің бюрократиялық процедураларын жеңілдетеді, яғни, шетелдік кәсіпкерлердің ел аумағында бизнесін жүргізуге қойылатын талаптар жұмсартылады.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды