|
Түркиядағы аса ірі теміржол апаты (фото+видео)
|
Түркияның солтүстік-батысында орын тепкен Текирдаг провинциясында Капикүл-Ыстамбұл бағытындағы жолаушылар пойызы релстен шығып кетіп, салдарынан 10 адам қаза тапты және 73 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл жайында түріктердің "Анадолы" ақпарат агенттігі жексенбі күні хабар таратты. Талай адамның ажалына себепші болған апат орын алған жерге құтқарушылар мен жедел жәрдем, сондай-ақ, әскери тікұшақ келді, арнайы техника жұмылдырылуда. Алдын ала алынған мәліметке қарағанда, бұл апат нөсердің кесірінен теміржол астына төселген топырақтың опырылуынан орын алған.





Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды