Түркияның кемелері мен яхталарын әлемнің 74 елі пайдаланады
Түркияның кемелері мен яхталарын әлемнің 74 елі пайдаланады
3 жыл бұрын 2425 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

2021 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша Түркиядан экспортталатын кемелер мен яхталар экспортынан түсетін табыс екі есеге артқан. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Түркияның экспортшылар қауымы (TİM) келтірген дерекке жөн сілтеген Аnadoly ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түріктердің кемесі мен яхталарын әлемнің 74 елі импорттайды. Осылайша кемелер мен яхталар экспорты Түркияның кіріс көзіне айналып келеді. Өткен жылдың осы мезгіліндегі 2020 ж., сәуір айы) көрсеткешімен салыстырсақ (кеме құрастыру секторының экспортынан сол кездегі түскен табыс - 28,954 млн долларды құраған еді), биыл бұл көрсеткіш 109,9 млн долларға жеткен. Қысқасы, Түркияның кеме құрастыру секторының ел экспортындағы үлесі – 0,6 пайыз. Кеме құрастыру секторында Сатмбұл қаласы көш бастаған - 61,085 млн доллар (осы сектордағы экспорттың 55,6 пайызын құрап отыр), одан кейінгі орыннан Йал кеме құрастыру секторы - 40,137 млн доллар; үшінші орынға Измир қаласы жайғасқан - 4,556 млн доллар. Түркияның кемелері мен яхталарын экспорттайтын елдер ішінде Норвегия көш бастап тұр - 45,612 млн доллар; Румыния (15,349 млн доллар), Эстония (8,489 млн доллар), Маршалл аралдары (7,508 млн доллар) әне Исландия (7,204 млн доллар).

0 пікір
Мұрағат