Түсін өзгерткіш аяқ киім шығармақ (видео)
Түсін өзгерткіш аяқ киім шығармақ (видео)
8 жыл бұрын 3128 24.kz

Америкалық Herscu & Goldsilver компаниясы ерекше аяқ киім түрін шығаруды қолға алмақ. Кіріктірілген майысқақ түрлі-түсті экраны бар аяқ киім спорттық кеды түрінде шығарылатын болады. ShiftWear аяқ киімінің экранын онымен үйлестірілген смартфон қосымшасы арқылы қалағаныңызша өзгерте аласыз. Бұл, тіпті анимацияланған қозғалмалы бейне болуы мүмкін. Сондай-ақ электронды қағазға қалаған суретті салып, арнайы сайтта сатуға, өзара айырбастауға болады, деп хабарлайды N+1. Аяқ киімге кіріктірілетін экран су тисе бүлінбейді. Оның батареясы 1 ай жұмыс жасайды. Қажет болғанда, оны сымсыз құрылғы көмегімен қуаттандыруға болады. Сондай-ақ аяқтың басылу күшімен де қуаттандыра аласыз.  Қазір бұл жобаны іске асыру үшін ғаламторда ақша жинау науқаны өтуде, деп жазады newsru.com.

0 пікір
Мұрағат