Ұлт қауіпсіздігі үшін шетелдік студенттерге маңызды технологиялар бойынша шектеу енгізіледі
Ұлт қауіпсіздігі үшін шетелдік студенттерге маңызды технологиялар бойынша шектеу енгізіледі
3 жыл бұрын 1265 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапония билігі елде білім алып жатқан шетелдік студенттерге ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әрі елдің қорғаныс қабілетін нығайтатын технологияға қол жеткізу мүмкіндігін шектейді. Бұл жайында islam.kz порталы күншығыс елінің Nikkei мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяуда бұл бағытта қабылданған ереже талаптарына сәйкес ел үшін маңызды қандай да бір технологиямен байланысты оқу бағдарламасын шетелдік студенттерге оқытпас бұрын жоғарғы оқу орындары өнеркәсіп министрлігінің рұқсатын алуы тиіс. Аталмыш норма өзге мемлекеттің ықпалындағы шетелдік студенттерге ғана қатысты қолданылады. Яғни, өзге мемлекеттен алатын табысының мөлшері 25%-дан асатын болса, ондай оқу орнының студенттеріне маңызды технологияға жол жабылады. Осы орайда күншығыс елінде мынадай инциденттің (осы ереженің қабылдануына себеп болған оқиға) орын алғанын айта кетпекпіз: 2017 жылы Қытай халық республикасына Токио жоғарғы оқу орындарының бірінде білім алатын ұшаққа арналған инфрақызыл камераны қытай студенті заңсыз жолмен алып кеткен болатын.

0 пікір
Мұрағат