|
Ұсталса, ұры қолынан айырылады (ВИДЕО)
|
Сауд арабиясында елді елең еткізген қылмыс орын алды. Елді елең еткізді дейтініміз, бұл елде қомақты қаржыны қолды қалу зәуде бір болмаса, өте сирек кездесетін қылмысқа жатады. Шариғат талаптары үстемдік ететін елде мұндай қылмысы үшін ұрының қолы шабылады. Жүрек жұтқан белгісіз біреу тапа тал түсте банк маңында тұрған автокөліктің әйнегін шағып, салоннан 61 мың риалды (17 мыңға дуық доллар шамасындағы қаржы) алып, тайып тұрған. Оның ұрлығын көрші автокөлікте отырған адам таспаға тартып алып, Ютубқа салған екен. Эр-Рияд қаласының полициясы бой жасырып, із суытқан ұрыны іздестіріп жатыр. Бұл жайында «әл-Арабия» ақпарат көзі хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды