|
Вегетариандық ауызашар туралы естіп көріп пе едіңіз?
|
Татарстан астанасы - Қазан қаласына қарайтын, бірақ, Борисоглеб кентінде орналасқан "Омет" мешітінде мұсылмандарға таңсық ауызашар өтті. Яғни, ауызашарға келген меймандарға еті жоқ ас ұсынылды. Бұл ауызашарды "Өмір тағамы" деп аталатын қайырымдылық қорының белсенділері ұйымдастырды. Аталған ұйым үйсіз-күйсіздерді тамақтандырады. Тағы бір қызығы, бұл ұйымда жұмыс істейтіндер мұсылман еместер. Десе де мұсылмандар олардың дастарханынан дәм татып, ораза кезінде ағзаға, асқазанға күш түсірмейтін мұндай ауызашардың бір ғанибет екенін айтып, ризашылықтарын білдірді. «Омет» мешітінің имамы Рүстем Иасауиев вегетариандықтың харам емес екенін, асыл дінімізде тыйым салынбаған нәрсенің бәріне рұқсат етілгенін алға тартты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады