|
Ядролық қару алып жүретін әлемдегі алғашқы суасты беспилотнигі сынақтан өткізілді (видео)
|
Корей халық демократиялық республикасы сәуір айының 4-7 күндері аралығында ядролық оқтұмсықты алып жүруге қабілетті Haeil 2 суасты бемпилотнигін кезекті сынақтан өткізген. Бұл жайында islam.kz порталы оңтүстік кореялық Yonhap ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дронның 71 сағат 6 минут бойы «эллиптикалық және сегізбұрышты маршруттар бойынша» мың шақырым қашықтықты жүріп өткені көрсетілген. Соңында суасты беспилтнигі ядролық зарядты жарып жіберді. Бұл сынақ барысында жүйенің зақымдалғаны анықталды. Бұл тараптағы алғашқы сынақ наурыздың 24-і күні болған еді. «Радиоактивті цунами» тұрғыза алатын суасты ядролық қарудың жаңа жүйесінің алғашқы сынағына КХДР көсемі Ким Чен Ыннның өзі қатысқан болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады