Ядролық технология мақта өндірісін арттырды
Ядролық технология мақта өндірісін арттырды
1 жыл бұрын 1236 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әзірбайжандық дихандар мақта өсірудің өзгеше жолын тауып, таңдап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Әзірбайжан мақта өндірушілері ядролық технологияға негізделген, климатқа бейім ететін егіншілік әдістеріне көшті, сонымен қата, жаңа өсімдік сортын – «супер мақтаны» қолдана бастады. Соның нәтижесінде олар шығымдылықты екі еседен астам арттыруға қол жеткізді. Аталмыш жоба Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) мен Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) қолдауымен Әзірбайжанда жүзеге асырылуда. Осылайша ауыл шаруашылығын жүргізудің жаңа тәсілі пайда болды. 2021 жылдан бастап МАГАТЭ сарапшылары әзірбайжандық фермерлер мен зерттеушілерді топырақты, тыңайтқыштарды және су ресурстарын пайдаланудың озық тәжірибесімен таныстырды, бұдан бөлек, мақта алқаптарында тікелей шеберлік сабақтарын өткізуде. Аталмыш жобаны жүзеге асыру мерзімі 2022 жылға дейін ұзартылды. Әзірбайжан топырағы да өзге елдердікі секілді климат өзгерісінің кері әсерінен дегредацияға ұшырады. 1991 жылдан бастап елдегі орташа жылдық ауа температурасы Цельсия бойынша 0,4 градусқа көтеріліп, жауын-шашын азайып, құрғақшылық, су тасқыны, аптап ыстық сияқты ауа райының қолайсыздығы қалыпты құбылысқа айналып барады. «Тыңайтқыштарды пайдалану мен суды басқаруға қатысты тың стратегияның арқасында астық шығымы 60 пайызға артты», - дейді FAO/IAEA Біріккен Азық-түлік және ауыл шаруашылығындағы ядролық техникалар орталығының топырақтанушы ғалымы Мұхаммед Заман. Климатқа сай ауыл шаруашылығының, атап айтқанда, тыңайтқыштарды пайдалануды оңтайландыру мен топырақ құнарын сақтай отырып, өндіріс тиімділігін арттыру үшін изотоптық әдістер қолданылған. Изотоптық әдіс – топырақтағы, тау жыныстарыдағы, минералдардағы және табиғи сулардағы химиялық элементтер изотоптарының құрамы мен қатынасын зерттеуге негізделген геологиялық процестерді зерттеу әдісі. Бұл бағытта азот-15 (N-15) тұрақты изотопын қолданатын әдіс қолданылды. Азот фотосинтезде маңызды рөл атқарады, бұл процесте өсімдіктер көмірқышқыл газы мен күн сәулесін қоректік заттарға айналдырады. Осылайша астық өнімдерін артығымен өндіруге қол жеткізіп қоймай, сонымен қатар, климаттың қатал жағдайларына төтеп беретін технология пайда болған. 1980 жылдары Әзірбайжан  әлемде мақта өндіруші және экспорттаушы жетекші елдердің бірі болды. Одан кейін жылына 830 мың тоннаға дейін өнім беретін бұл ауыл шаруашылығы дақылы ел кірісінің 25 пайызын құрады. Алайда, 1990 жылдары нарықтық экономикаға көшу және басқа салалардың қарқынды дамуы нәтижесінде мақта өндірісі Әзірбайжан экономикасында шешуші рөл атқаруын тоқтатты. 2009 жылы шығымдылық жылына 31 мың тоннаға дейін төмендеген. Әзербайжандағы мақта алқаптарының жалпы көлемі 105 мың гектарды құрайтынын ескерсек, климаттық-оңтайлы егіншілік әдістерін 10 пайызға енгізудің өзі 31 мың тонна мақтаның орнына 84 мың тонна мақта өндіруге мүмкіндік берген.

0 пікір
Мұрағат