|
Зайырлы қоғамдағы әдепкі көрініс үшін... ұсталды
|
Иранның Орталық Остан провинциясында тәртіп сақшылары сауда орталықтарының бірінде дүйім жұрттың көзінше сүйіктісіне сезімін білдірген жас жігітті ұстады. Ғашықтардың бұл көрінісін таспаға тартып алған куәгерлер әлеуметтік желіге жүктеген екен. Аталмыш провинцияның полиция басқармасы жетекшісінің орынбасары Маһмұд Қалежі жас жігітпен қоса оның қалыңдығы да тұтқындалғанын жеткізді. Олардың тәртіп сақшыларының назарына ілігіп, тұтқындалуына ел көзінше бір-біріне сезімін білдіруі себеп болған, яғни, олардың бұл әрекеті Иран республикасының заңына қайшы. Артынан оларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бостандыққа шығарылды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандағы жасанды жаңбыр ойлағандай болмай шықты
■
Ғалымдар сілекей арқылы тісті қалпына келтіру жолын тапты
■
Биыл екі мұсылман елі арасындағы халал сауда деңгейі 29 млрд доллардан асады
■
Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
■
Түркі елі халал стандартының бірыңғай тәртібін бекітеді