|
7 жастағы бала имам-хатыб атанды (Видео)
|
7 жастағы Иса әл-Шәріп – Иорданияда ғана емес, сонымен қатар, әлемдегі ең жас имам. Десе де оның бұл жас шамасы мешітте жұма намазын өткізуіне кедергі емес. Дінтанушылар мен ислам ғалымдары, соның ішінде Иорданиядағы ислам университетінде шариғаттан дәріс беретін доктор Хайдар Мұрат оның уағызына оңды пікір білдіруде, ең бастысы – баланың қабілеті бар, жамағатты ұйыта алады. Бала имам тек өз ауданындағы мешітте ғана емес, сонымен қатар, өзге қалалардағы мешіттерде уағыз айтып жүр. Әкесінің айтуынша, баласы қасиетті Рамазан айы бойы жамағатқа намаз оқытады әрі жұма сайын уағыз айтады. Бала имам болашақта кардиолог дәрігер болғысы келеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды