|
89 жастағы мұсылман дәрігер күніне 6 ота жасайды (фото)
|
Әлемге әйгілі хирург, ұлты қырғыз Мәмбет Мамакеевтің жасы тоқсанға таяды. Яғни, 89 жасқа толды. Ақсақал осы жасына қарамастан өзін әлі тың сезінеді. Тың сезінгені былай тұрсын, күніне 6 пациентке дейін ота жасап жүр. Ол хирург болғанына, міне, 64 жылдың жүзі болыпты. Тәулік бойы жұмыс істесе де денсаулығы сыр берген емес. Кәрілікке бой алдырмаған қолы епсекті хирургтың өзі: "Хирургтер жұмыс күні аяқталса да үйіне қайта қоймайды, аяқ астынан ота жасау қажет болып қалса. Біз адамдардың өмірін құтқарып қаламыз. Егер дәрігер адамды құтқарып қалу үшін немесе ота жасауға шақырып, жұмыс уақытынан тыс кезде де қалса, оған заң бойынша қосымша ақы төленуі тиіс. Алайда, мені өмірімде бұл сауал толғандырып көрмепті",- деді ол ағынан ақтарылып.



Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар тауық жұмыртқасындай қарбыз сортын шығарды
■
Цифрлы төлем жүйесі туралы аз-кем дерек
■
Қазақстан Орталық Азияда «жұмсақ күш» жаһандық рейтингінде көш бастады
■
Өткен жылы сукук нарығы 1 трлн доллардан асты
■
Әлемде алғаш рет асыл тастарға цифрлы инвестиция салуға болатын ислами банк ашылды