|
Адам белінен келетін ергежейлі сиырларды асырауға көшті (видео)
|
АҚШ-тың Айова штатында шаруашалығын дөңгелетіп отырған фермер үй жануары ретінде ергежейлі сиырларды асырап отыр. Бұл жайында Metro ақпарат көзі хабар таратты. Тарқатып айтқанда, Дастин Пиллард есімді 46 жастағы фермер талай жылын сарп етті ергежейлі сиыр тұқымын алу үшін. Селекцияның көмегімен сиырдың көлемін екі есеге кішірейткен. Қазіргі уақытта ол асырап отырған сиырлардың биіктігі 90 сантиметрден аспайды. Осыған қарамастан оның сиырларының денсаулығында ақау жоқ. Фермердің айтуынша, ергежейлі сиырлары серуендеуді, ит сияқты жүгіруді, жем жегенді жақсы көреді екен. Бұған қоса, өздеріне ұдайы назар аударғанды қалайтын көрінеді. Фермер тізеден ғана келетін сиырларды әуесқойларға сатып, ақша табуды ойлап отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады