Ажал аузында жатқан пастор немересіне исламды қабылдағанын мойындады
Ажал аузында жатқан пастор немересіне исламды қабылдағанын мойындады
1 сағат бұрын 45 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл аты-шулы оқиға Америкада Жебин Одо есімді жас жігіттің басынан өткен. Оның «The Ansari Podcast» подкастындағы әңгімесіне сенсек, ерте жетім қалған оны өзіне әке де, шеше де бола білген зағип пастор – кәрі христиан азаматы асырап алған. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Десе де атасы мұсылмандарға қырын қарайтын, мұсылмандарды залым деп білетін, соған сәйкес немересін де мұсылмандарға қарсы тәрбиеледі. Дегенмен, Жебин жас кезінен исламға қызығушылық танытты. Ол атасына исламды қабылдайтынын айтып, қалжыңдап қоятын. Алайда, атасы оның бұл қылығын баланың ісі шала деп, мән бермейтін. Тіпті, қоймай бара жатса, ашуланатын. Немересі мұсылмандарға деген өшпенділікке толы қарттың жүрегінде күндердің күнінде ешкім күтпеген өзгеріс болатынын білмеген еді. Өлім сағаты тақаған қарт кзінен жасы парлап, Жебинге исламды қабылдағанын мойындап, оның хақ дін екендігіне куәлік етеді. Бұл жайт Жебинді айран-асыр қалдырған еді. Көп ұзамай атасы дүние салады, ажал аузында жатып хақ жолді іздеуді өсиет етіп кетеді. Бұл оқиғаның қашан болғаны туралы мәлімет көрсетілмеген, алайда, мақала 2024 жылы  жарық көрген еді. Жебин өз бетінше ізденіп, исламды зерттеуге кіріседі. Дәрістерді тыңдайды, кітаптарды парақтайды, ой жүгіртеді. Күндерді күнінде Техас штатына қарасты Плано қаласында орын тепкен EPIC Masjid (East Plano Islamic Center) мешітіне (Даллас-Форт-Уэрт агломерациясындағы 2003 жылы ашылған аса ірі ислам орталығы) келіп, шәһадат айтады, яғни, тілін кәлимаға келтіреді.

Джевин ведет подкаст

0 пікір
Мұрағат