Әлемде тұңғыш рет ер мен әйелдің жалақысын теңестіретін заң қабылданды немесе еліміздегі ерлер мен әйелдер жалақысының айырмашылығы қандай?
Әлемде тұңғыш рет ер мен әйелдің жалақысын теңестіретін заң қабылданды немесе еліміздегі ерлер мен әйелдер жалақысының айырмашылығы қандай?
6 жыл бұрын 4398 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Исландияда жергілікті компаниялар мен жұмыс берушілерді қоластындағы әйелдерге де ер-азаматтармен бірдей жалақы тағаайындауын міндеттейтін заң қабылданды. Яғни, ер-азамат атқаратын қызметте істейтін әйелдерге де тура сол мөлшерде жалақы беруді міндейтін заң қолданысқа енді. Аталмыш заң талабын бұзғандарға күніне шамамен 500 доллар шамасында айыппұл салынады. Десе де жұмыс беруші қоластындағы жұмысшыларды өз қалауы бойынша көтерлемелеп, сыйақы беруіне, үстеме ақы төлеуіне рұқсат. Айта кетейік, Исландия - гендерлік теңдікті барынша қамтамасыз етуге ұмтылған әрі осы мақсатта осындай заң қабылдаған тұңғыш ел. Тағы бір айта кететіні, санаулы жылдар бұрын ғана, дәлірегі, 2014 жылы аталмыш елде әйелдер орташа есеппен ер-азаматтардың жалақысына қарағанда тек 78,5 пайызын ғана ала алатын еді. Ал еліміздегі, яғни, Қазақстанда бұл мәселе бойынша жағдай қандай? ҚР статистикалық мәліметіне үңілсек, керісінше ер-азаматтарға қарағанда жалақысы жоғары әйелдердің қарасы көбірек болып шыққан. Мәселен, өсімдіктер мен мал шаруашылығында әйелдер ер-азаматтарға қарағанда 42,5 пайыз кем алса, қонақ үй және мейрамхана бизнесінде ақ жаулықтылар бөріктілерге қарағанда 40,1 пайыз артық табады екен. 

0 пікір
Мұрағат