Әлемдегі ең кішкентай ауа сорғыш жасалды (видео)
Әлемдегі ең кішкентай ауа сорғыш жасалды (видео)
6 ай бұрын 1091 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

«Сиқырлы» ауа сорғыш матрасты бар-жоғы 50 секундта үрлейді. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Flextail стартапы әлемдегі ең күшкентай ауа сорғышын - ZERO PUMP құрылғысын жасап шығарды. Оның көлемі шағын қолшамдай немесе «Сникерс» шоколадындай болады. Бұл гаджет әлемдегі ең жылдам ауа сорғышы. Салмағы 32 грамнан аспайтын құрылғының ішінде мини қозғалтқыш бар. Бүйірінде қосып, ажыратуға арналған түймесі бар. Бір батарея қатарынан 25 матрасқа дейін үрлеуге жеткілікті. Құрылғы алюминий мен болаттан жасалған, ол сорғыны соққыдан қорғайды. ZERO PUMP саяхатшылар үшін таптырмас гаджет  - бұдан былай матрац үрлеу үшін бір сағаттан артық әуре болып жатпайды. Велосипед тебетіндер оны әрқашан өзімен бірге алып жүре алады, қажет кезінде желі шыққан доңғалағын дем арасында үрлеуі үшін. Бұл құрылғының бағасы да арзандау – 29 доллар. ZERO PUMP құрылғысы краудфандинг аясында Indiegogo қолданбасында сатылады. Осы жылдың қараша айынан бастап саудаға шығарылады.

0 пікір
Мұрағат