Америкалық теңіз жаяу әскерінің реактивті гранометпен қаруланған робот итті жұртшылық назарына ұсынды (видео)
Америкалық теңіз жаяу әскерінің реактивті гранометпен қаруланған робот итті жұртшылық назарына ұсынды (видео)
7 ай бұрын 2582 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарының теңіз жаяу әскерінің корпусы қашықтан басқарылатын гранометпен жабдықталған роботты Калифорния штатындағы Тбентинайн Палмс оқу-жатттығу орталығында сынақтан өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайда құрастырылған Unitree GO 1 робот-иті қару-жарақ тасымалдаушысы ретінде пайдаланылды (оны Amazon компаниясында 5000 долларға сатып алуға болады, бұл баға Boston Dynamics компаниясы құрастырған америкалық баламасы - 74 500 доллар тұратын Spot роботынан айтарлықтай арзан). Ұсынылған бейнеде робоптардан басқа бір рет қолданылатын M72 гранатометі, GoPro камерасы және өзге де камералар, нысанаға бағытталған лазерлер және басқа жүйелерді орналастыруға болатын бірнеше бос түйіндер бар роботтық ұрыс кешені көрсетілген. Болашақта теңіз жаяу әскерінің сарбаздары ұрыс қимылдары кезінде мұндай кешенді пайдалана алады: робот жауды жояды, ал теңіз жаяу әскері бұл уақытта жасырынып, оның әрекеттерін қауіпсіз жерден, қашықтан басқарады.

0 пікір
Мұрағат