Килонова жарылысынан кейін сирек химиялық элемент табылды
Килонова жарылысынан кейін сирек химиялық элемент табылды
6 ай бұрын 816 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Изображение: NASA, ESA, CSA, STScI, Andrew Levan (IMAPP, Warw) / phys.org

Ғалымдар GRB 230307A (ең жарқын гамма сәуле) кезінде сирек кездесетін химиялық элементтердің пайда болғанын байқады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Астрофизиктер нейтрондық жұлдыздардың қосылуынан туындаған ерекше жарықты - GRB 230307A гамма-сәулесін зерттеді. Ғарыштағы бұл жарылысты NASA-ның Жеймс Уеб ғарыштық телескопы, Ферми ғарыштық телескопымен және Свифт обсерваториясынан бақылады. Килонова жарқылынан кейін  ауыр химиялық элементтің, дәлірегі, теллурдың ізі табылды. Жарылыстан басқа химиялық элементтер де, соның ішінде йод пен торий пайда болған. Нейтрондық жұлдыздардың қосылу орны олардың өз галактикасынан шамамен 120 мың жарық жылында орналасқан. Бұл факті олардың өз галактикасынан бірге «кеткенін» білдіреді. Соқтығысқан нейтрондық жұлдыздар өте ауыр элементтердің қосылуы үшін қажетті жағдайлар жасайды және осы жаңа элементтердің радиоактивті жарқылы килонованың кейінгі жарқылын тудырды. GRB 230307A бұрын-соңды байқалған ең жарқын гамма-сәулелердің бірі болды, ол бүкіл Құс жолы галактикасынан миллион есе жарық.

Килоновалы - екі ықшам нысан біріктірілген кезде пайда болатын бірегей астрономиялық құбылыс. Килонованы бақылау және зерттеу өз кезегінде ядролық синтез процестерін және әлемдегі ауыр элементтердің пайда болуын зерттеуде тың мүмкіндіктерге бастайды.

Теллур (латынTellurіumTe) — элементтердің периодтық жүйесінің VI тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 52, атомдық массасы 127,60. Табиғатта 8 орнықты және массалық саны 107-ден 134-ке дейінгі 14 жасанды изотопы бар. Теллурды мажар геологы Ф.Мюллер (1740 – 1825) ашқан (1782). 1798 жылы неміс ғалымы М.Г. Клапрот (1743 – 1817) осы жаңалықты бекітіп, (латынша tellurіs – Жер) элементке “теллур” атын берді. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 110–7% - Уикипедия электронды энциклопедиядан

Ұқсас материал:

«Химиялық элементтердің әлемде Үлкен жарылыстан кейін пайда болғаны анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/himiyalyq-elementterdin-alemde-ulken-jarylystan-keiin-paida-bolgany-anyqtaldy-19341/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат