Апаттан құтылудың арзан әрі тиімді тәсілі табылды
Апаттан құтылудың арзан әрі тиімді тәсілі табылды
2 жыл бұрын 850 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Chris J. Ratcliffe / Bloomberg / Getty Images

Британдық Mission Zero стартапы планетаны жаһандық жылынудан құтқарып қалуға көмектесетін арзан әрі тиімді тәсілді ұсынып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Британдық компанияның көмірқышқыл газын ауаның тікелей өзінен аулау әдісі турасында сөз болып отыр бұл арада. Мұндай әдіс, яғни, атмосферадан көмірқышқыл газының бір тоннасын жою құны 100 доллардан аспайды. Mission Zero стартапының бас техникалық директоры Гаэль Гобейл-Шоудың түсіндіруінше, жаңа технология қоршаған ортадан көмірқышқыл газын фармацевтикада, сүт және т.б. өнеркәсіпте белсенді түрде қолданылатын сілтілі элементтер көмегімен жоюға негізделген. Мұндай әдіс кәсіпорындарда бұрыннан бар - электродиализге арналған жабдықты пайдалануға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, бұл процесс Целсия бойынша 100 градустан жоғары температураны қажет етпейді, бұл жайт өз кезегінде  атмосферадан көмірқышқыл аулаудың өзге әдістеріне қарағанда энергия шығынын үштен екіге азайтуға үмкіндік береді. Mission Zero стартапына Microsoft компаниясының негізін қалаған Билл Гейтстің Breakthrough Energy Ventures қоры назар аудырап отыр. Аталмыш қор өзге инвесторлармен қатар бұл стартапұа 5 млн доллар қаржы құйды.

0 пікір
Мұрағат