|
Аптап ыстық аяғы ауыр әйелдердің мезгілінен ерте босану қатерін арттыратын болып шықты
|
Австралиялық ғалымдар жаңа туған нәрестеге 1,2 миллион зерттеу жүргізіп, аптап ыстықтан жүкті әйелдердің құрсағындағы шарананы шала туу қаупін 50-60%-ға арттыратынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әсіресе, мезгілінен бұрын босану қатері жүктіліктің соңғы айында айтарлықтай артатын болып шықты. Мұндай қауіп көк желегі жоқ аймақта немесе күндізгі аптап ыстықтың табы түнде де қайтпайтын өңірде күшейеді. Аптап ыстық пен құрғақшылық халықтың өсу қарқынын тежейтіні де айтылды. Мұндай қатерден аяғы ауыр әйелдер өзін салқын жерде күтіп ұстауы арқылы қорғай алады. Дәлірегі, күтінген жүкті әйелге аптап ыстықтан төнетін қатер деңгейін 10-12 пайызға дейін төмендетуге болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды