Ашық ғарыш кеңістігінде скафандр (арнайы қорғаныш киімін) кимеген адамның қандай күйге ұшырайтыны көрсетілді (видео)
Ашық ғарыш кеңістігінде скафандр (арнайы қорғаныш киімін) кимеген адамның қандай күйге ұшырайтыны көрсетілді (видео)
1 ай бұрын 892 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

DG EYE Science YouTube арнасында ұсынылған моделдеу нәтижесі ғарышта скафандрсыз адамның қандай апаттарға ұшырайтыны көрсетілген. Бұл жайында islam.kz порталы ladbible ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бейнеде арнайы қораныш киімі жоқ адамның ғарышта бәзбіреулер айтып жүргендей жарылып кетпейді, алайда, адам жарылып кетпесе де соған ұқсас немесе жарылып кетуден кем түспейтін нәрсе орын алатыны айтылған. Сыртқы қысым жоқ ғарышты алғашқы сәттерде адам ағзасындағы газдар ұлғаяды, салдарынан өкпе тіні жарылады. Осыдан кейін көз, тері, ауыз бетіндегі су буланып, қандағы су қайнай бастайды. Адам денесі ебедейсіз ісінгенімен терінің серпімді және қысымға төтеп бере алатындай икемділігінің арқасында жарылмайды. Соңында жүрек қағысы баяулап, адам тұншығып қайтыс болады.

0 пікір
Мұрағат