|
Автожолды өздері төсейтін әйелдер
|
Иранда бір топ әйел бар. Автожолды өздері төсейтін. Иранның батысында орын тепкен Шеқармекал және Бақтиярия өңірінде. Кранды да, грейдерді де, жүк көлігін де, тракторды да өздері басқарады. Тек әйелдерден жасақталған жол төсеушілер қалай пайда болды? Бұған елдегі жол сапасының сын көтермейтіндігі себеп болған. Талай адамның өміріне қауіп төндірген, талай автокөліктің сынуына себеп болса керек. Бұл мәселені шешу үшін Гол-и-Сорһ ауылдық елді-мекен тұрғындары 5 шақырымға созылатын жолды өздері төседі. Шеқармекал және Бақтиярия облысының автожол департаментінің бас директоры Хұсейн Жәмшіт жол төсеуші әйелдердің өз міндетін мүлткісіз орындайтынын мақтана жеткізді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды