Азиядағы 2 миллиард халыққа су беріп отырған мұздықтар еріп жоғалуда (ФОТО)
Азиядағы 2 миллиард халыққа су беріп отырған мұздықтар еріп жоғалуда (ФОТО)
8 жыл бұрын 5614 Фото: «Шинхуа» агенттігінің тілшісі Лию Дұңжұн

Чиңхай-Шизаң үстірті (Тибет жотасы) деп аталатын өңірдегі атақты Гималай тау жоталарындағы алып мұздықтар жыл өткен сайын еріп, азайып барады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Халық торабына» сілтеме жасап.  

Қытай ғылым академиясының зерттеуіне қарағанда өткен 30 жылда үстірт пен оған іргелес жатқан мұздықтар 45 мың шаршы шақырымнан 35 мыңға кішірейіп, 15 пайызы кеміген. Қытайда 46 мыңнан астам мұздық болса, оның басым бөлігі осы үстіртте екен.


Ішінара зерттеулерге қарағанда Чиңхай-Шизаң үстіртіндегі мұздықтар мен мәңгілік тоң қабаттары көп өтпей құрып жоғалады. «Дүние жотасы» деп аталған үстірт мұздықтарынан қытайдың атақты Чаңжияң, Хуаңхы, Лансаңжияң, Ярлұңзаңбо қатарлы көптеген ірі өзендері бастау алады. «Дүние жотасы» мұдықтары Азиядағы 2 миллиардқа жуық адамды тұщы сумен қамдап отыр. Алайда, климаттың ықпалына ұшыраған мұздықтар жылдам еріп, көгалды аумағы үздіксіз азаюда. Керісінше, шөлейт аудандар артуда. Өңірлік жауын-шашын қалыпсыз. Мәңгілік тоң қабаты үздіксіз еріп, бірнеше ірі өзеннің су деңгейі төмендеуде.


«Шизаң үстіртінің орта өзгерісіне жасалған ғылыми сараптама» атты ең жаңа мәлімет былтыр қарашада жарияланды. Соған қарағанда, Тибет үстіртінің орта өзгерісіндегі көрнекті ерекшелік ــ жылыну мен дымқылдану. Өткен 50 жыл ішінде Чиңхай-Шизаң үстіртінде ауа температурасы орта есеппен әр он жылда 0.32 градус жоғарылап отырған. Арту мөлшері дүние жүзінің ұқсас уақыттағы ауа температурасының орта есеппен арту мөлшерінің екі есесіндей болған. Климаттың жылынуына байланысты су айналымы күшейіп, мұздықтар жалпы беттік кішірейген.

0 пікір
Мұрағат