Бір жарым ғасырға жуық өмір сүрген саудиялық қарт немен қоректенген? (фото)
Бір жарым ғасырға жуық өмір сүрген саудиялық қарт немен қоректенген? (фото)
6 жыл бұрын 6536 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен аптада әлемде ең ұзақ жасаған санаулы адамдардың бірі – саудиялық әлі Алаками есімді қарт 147 жасында дүние салды. Марқұмның туған-туыстарының айтуынша, ол өмір бойы өз қолымен өсірген өнімдермен тамақтанған. Тіпті, мерекелік дастарханға жоламай, дүкеннен сатып алынған тағам түрлерін мүлдем аузына да алмаған екен. «Шейх ешуақытта өзінің Құранынан ажыраған емес, машинамен емес, жаяу жүргенді ұнататын»,- деді туысы Иаһйи Алаками. Ол қарттың бір кездері 300 шақырым қашық жатқан қасиетті Меккеге жаяу-жалпылап тартып кеткенін де жткізді. Ғұмырының соңғы сәтінде ол өмірге өкпесі жоғын жеткізген, алайда, қазіргі жағдай мен адамдардың қатты өзгергенін және өзінің тұстастарынан бәрі бақилық болып кеткендіктен жалғызсырайтынын да сыр ғып айтқан екен.

0 пікір
Мұрағат